Доллар бағамы 3 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 23 теңгеге төмендеді.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 508, 94 теңге.
Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 512,19 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 508 теңге, сатып алу – 514 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 507 теңгеден болса, сатып алу құны – 513 теңге.