Доллар бағамы - 322,55 теңге
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 (USDKZT_TOD және USDKZT_TOМ) теңгемен АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңертеңгілік сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 322,55 теңгені (+0,60 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 34 350 мың АҚШ долларын (+9 350 мың USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 47,70143 теңгені (+0,2743 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 1 050 мың юань (+600 мың юань) болды.