11:31, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Доллар бағамы 340,30 теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 340,30 теңгені құрады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

Таңертеңгілік сауда-саттық барысында есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 340,30 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 160 250 мың USD құрады.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні 1 доллардың ең төменгі бағамы 336,30 теңге деңгейінде болса, жоғарғы көрсеткіш - 338,16 теңгені көрсеткен болатын.