Доллар бағамы күндізгі сессияда 330,36 теңге болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Доллар бағамы күндізгі сессияда 330,36 теңге болды

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 330,36 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 84 650 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 (EURKZT_TOD) еуроның орташа сараланған  бағамы 367,90 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 100 мың еуроны құрады;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3144 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 35 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,37 теңгені (-1,77 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 120 350 мың (+54 150 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7000 %   құрады, сауда-саттық көлемі - 133 700 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7572 %

  құрады, сауда-саттық көлемі - 66 400 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.