Доллар бағамы төмендеді - KASE
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 1 АҚШ долларының орташа бағамы 332,54 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 0,13 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 332,3 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 332,81 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 50,5 долларды құраған.
Сәрсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 332,67 теңге, күндізгі сессияда - 332,8 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 332,72 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 298 млн долларды құраған.