Доллар бағамы үш күн қатарынан төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 379,12 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,36 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 379 теңге, ал ең жоғарысы - 379,3 теңге болған. Сауда көлемі 39,45 млн долларға жетті.
Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,48 теңгені, күндізгі сессияда 379,7 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,66 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 124,28 млн доллар.
Еске салайық, доллар бағамы дүйсенбі күні 0,4 теңгеге - 380,36 теңгеден 379,96 теңгеге дейін, сейсенбі күні 0,48 теңгеге - 379,48 теңгеге дейін төмендеген еді.