Доллар бағасы қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доллар бағасы  қымбаттады

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 28 маусым кешімен салыстырғанда 1,83 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 427,61 теңге болды.

Ұлттық банктің 29 маусымдағы ресми бағамы: 1 доллар – 425, 75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427,21 теңгеден сатылса, сатып алу - 428, 74 теңге.

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,92 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 428, 04 теңге.

Еске салсақ, ҚР Ұлттық банкі м ұнай қымбаттап жатса да теңге неге нығаймай жатқанына түсініктеме берген еді.