Доллар екі теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Доллар екі теңгеге қымбаттады

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 13 ақпан кешімен салыстырғанда 2,13 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 431, 41 теңге болды.

Ұлттық банктің 14 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 429, 10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,90 теңгеден сатылса, сатып алу – 433,65 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 431,96 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 433,24 теңге.


Ауа сапасы
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін еліміздің орталығындағы қалаларда ауа сапасы нашарлайды