Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 488 - 493 теңге аралығында саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik

Ұлттық банктің 6 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 532,62.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 490,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 492,1 теңге. Еуро 531 — 535,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 488 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 - 5,09 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 5 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 489,01 теңге болған.

Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді.

 

Соңғы жаңалықтар