Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Доллар, еуро, рубль және юань қаншадан саудаланып жатыр
Фото: Kazinform\ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 443,00 теңгеден сатып алынады, 450,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 495,00 теңге, сату — 505,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,07 теңге, сату — 5,27 теңге;
— юань 67,72 теңгеден сатып алынады, 71,50 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 445,27 теңге, сату — 447,30 теңге;
— еуро: сатып алу — 495,82 теңге, сату — 500,65 теңге;
— рубль 5,13 — 5,25 теңге аралығында саудаланады.
— юань 66,96 — 69,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 11 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге түсіп, 444,76 теңге болды.