Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 451,84 теңгеден сатып алынады, 458,84 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 502,86 теңге, сату - 512,88 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,43 теңге, сату - 5,63 теңге;
- юань 68,02 теңгеден сатып алынады, 71,79 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 453,65 теңге, сату - 456,08 теңге;
- еуро: сатып алу - 499,59 теңге, сату - 507,96 теңге;
- рубль 5,37 - 5,53 теңге аралығында саудаланады.
- юань 67,78 - 70,28 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 28 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,1 теңгеге өсіп, 457,09 теңге болды.