Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Доллар, еуро, рубль және юань бағамы қандай
Коллаж: Kazinform / ЖИ

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 447,14 теңгеден сатып алынады, 454,14 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 500,13 теңге, сату — 510,13 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,20 теңге, сату — 5,40 теңге;
— юань 66,27 теңгеден сатып алынады, 70,30 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 451,38 теңге, сату — 453,70 теңге;
— еуро: сатып алу — 502,08 теңге, сату — 506,53 теңге;
— рубль 5,18 — 5,29 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,18 — 69,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 14 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,14 теңгеге өсіп, 450,62 теңге болды.