Доллар, еуро және рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамдары ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар: сатып алу — 542,47 теңге, сату — 544,90 теңге;
— еуро: сатып алу — 631,81 теңге, сату — 637,82 теңге;
— рубль 6,67 — 6,81 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау пунктерінде:
— доллар 540,61 теңгеден сатып алынады, 547,58 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 629,59 теңге, сату — 639,59 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,67 теңге, сату — 6,82 теңге.
Еске салайық, 28 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,5 теңгеге арзандап, 541,45 теңге болды.