09:14, 15 Қараша 2022 | GMT +5
Доллар мен рубльдің 15 қарашадағы ресми бағамы белгілі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 10 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459,74 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,06 теңгеге өсіп, 7,61 теңге болды.
14 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,06 теңгеге қымбатап, 459,89 теңге болған. Кurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464, 5- 466, 5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 464-469 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,37 -7,47 теңге аралығында сатып алу ұсынылуда.