09:25, 18 Қараша 2022 | GMT +5
Доллар мен рубльдің 18 қарашадағы ресми бағамы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 18 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459,05 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,61 теңге болды.
17 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,74 теңгеге қымбатап, 458,62 теңге болған. Кurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460- 463 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 460-465 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,37 -7,47 теңге аралығында сатып алу ұсынылуда.