Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 461, 10 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,74 теңге. 26 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 461, 37 теңге болған. Ресей валютасы 6,61 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463 – 465,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 464 – 468 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,35– 6,65 теңгеге сатып алуға болады.