09:27, 03 Наурыз 2023 | GMT +5
Доллар мен рубльдің демалыс күндерге арналған бағамы белгіленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің демалыс күндерге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 435, 69 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,78 теңге.
2 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6, 14 теңгеге төмендеп, 435, 53 теңге болған. Ресей валютасы 5, 87 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 437– 440 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 435,5– 440 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5, 65 – 5,95 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,5 -5, 77 теңгеден саудаланып жатыр.