Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АСТАНА. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447,53 – 449 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 446,77 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,75 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 – 450 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 447,5 – 449 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75 – 4,9 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, наурыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңгеге дейін қалыптасты. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 187 млн АҚШ долларынан 225 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,8 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұған дейін сәуірде Ұлттық банк Ұлттық қордан 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды көздейтінін жазған едік.