Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444 - 449 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: pixabay.com

Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 443,85 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,80 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 - 449 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 444,9 - 446,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,69 - 4,79 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,45 теңгеге төмендеп, 443,77 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар