Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476 - 480 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 7 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,40 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,61 теңге. Еуро — 522,93.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 478,7 теңге. Еуро 518 — 522 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 476 теңге, сатып алу құны — 480 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 524 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,45 - 5,60 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 6 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,37 теңгеге қымбаттап, 478,97 теңге болған.