09:25, 21 Ақпан 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450-454 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 21 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 452,94 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450 - 454 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 451,9 - 454,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,86 - 4,97 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 20 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,56 теңгеге қымбаттап, 452, 97 теңге болған.