Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447– 451 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 23 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 448,61 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,11 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447– 451 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 447,7 – 450,1теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97 – 5,11 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 22 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,50 теңгеге төмендеп, 448,46 теңге болған.