Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472 — 477 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: freepik.com

Ұлттық банктің 2 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 474,71 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,54 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 — 477 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 474,5 — 475,8 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,31 — 5,52 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 1 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,58 теңгеге қымбаттап, 474,73 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар