Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450– 454 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 8 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 452,14 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,5– 454,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 451,7 – 454,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85 – 4,99 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 7 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,17 теңгеге төмендеп, 452,20 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар