Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475 - 479 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 8 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 475,62 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,52теңге. Еуро — 519,23
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475, 73 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 477,80 теңге. Еуро 519,56 — 524,06 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңге, сатып алу құны — 479 теңге. Еуро 517,89 теңгеден сатылып, 522, 91 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,40 - 5,55 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3, 06 теңгеге төмендеп, 475, 91 теңге болған.