Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

доллар
Фото: Kazinform

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 28 қарашаға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459, 37 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,18 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459– 463 теңгеден сатылып жатыр. Алматыда 459,9– 462,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Ресей валютасы 5,08 – 5,25 теңге аралығында ұсынылуда.

Еске салайық, 27 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,47 теңгеге төмендеп, 459,33 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар