Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 3 қарашаға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Kazinform.

доллар бағамы
Фото: Александр Павский/ Кazinform

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 468,13 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,03 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465-470 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 467,5-470,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,87-5,05 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 2 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,88 теңгеге төмендеп, 467,95 теңге болған.