Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АСТАНА. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451– 455 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 17 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,25 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,15 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452– 455 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 451,7 – 454,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,03 – 5,21 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 16 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,06 теңгеге қымбаттап, 451,39 теңге болған.