Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450– 455 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 19 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,80 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,10 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451– 455 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 450,3 – 452,7 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 – 5,13 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 18 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,24 теңгеге төмендеп, 451,72 теңге болған.