Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 445 – 447,7 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 5 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 446.49 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,75 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445– 447,7 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 447.7—449.2 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,75 – 4,9 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, наурыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңгеге дейін қалыптасты. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 187 млн АҚШ долларынан 225 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,8 млрд АҚШ долларын құрады.

Бұған дейін сәуірде Ұлттық банк Ұлттық қордан 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды көздейтінін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар