Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449– 453 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 29 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 449,74 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,03 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449– 453 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 449,1 – 451,5теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,95 – 5,09 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 26 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,45 теңгеге қымбаттап, 449,78 теңге болған.