Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453 – 457 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

доллар бағамы
Фото: Kazinform

Ұлттық банктің 10 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,19 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,02 теңге болды. 

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453 – 457 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 454,5 – 457,5 теңге аралығында құбылып тұр. 

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93 – 5,13 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 9 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 453,30 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар