Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

доллар
Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 445 - 450 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 22 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 446,49 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,79 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446 - 450 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 447,1 - 448,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,72 - 4,78 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 19 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,91 теңгеге төмендеп, 446,44 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар