Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 479- 484 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: freepik

Ұлттық банктің 26 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 482,78 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,28 теңге. Еуро – 536,66.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,03 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 482,5 теңге. Еуро 537 – 541,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 484 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 539 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 – 5,35 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 23 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,69 теңгеге қымбаттап, 482, 84 теңге болған.