Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Доллар
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441 – 446 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 2 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 442,05 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,74 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 - 446 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 442,9 – 444,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,67 - 4,79 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 30 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,64 теңгеге қымбаттып, 442,05 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар