Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449– 454 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 20 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 451,08 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449 – 454 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 450,1 – 452,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77 – 4,89 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 19 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,72 теңгеге қымбаттап, 451,02 теңге болған.