Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449– 454 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 29 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 451,31 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449 – 454 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 450,1 – 452,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77 – 4,92 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 28 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,99 теңгеге қымбаттап, 451, 09 теңге болған.