09:20, 23 Ақпан 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 450– 455 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,47 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,84 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451 – 455 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 450,9 – 453,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,77 – 4,86 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 22 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге қымбаттап, 450, 46 теңге болған.