09:09, 10 Шілде 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 478 - 483 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 10 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 480,77 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,51 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478 - 483 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 478,9 - 481,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,33 - 5,53 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 9 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,86 теңгеге төмендеп, 480,69 теңге болған.