09:24, 31 Шілде 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472 — 477 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 31 шілдеге арналған ресми бағамы — 1 долларға 475,37 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,51 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 — 477 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 474,5 — 476 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,33 — 5,48 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 30 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,54 теңгеге қымбаттап, 475,16 теңге болған.