09:23, 06 Ақпан 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 453– 457 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 453,16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,97 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453– 457 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 453,7 – 456,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93 – 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 5 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,01 теңгеге қымбаттап, 453,29 теңге болған.