Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 19 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 469,31 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,87 теңге.
18 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,44 теңгеге қымбаттап, 469,78 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 470– 474 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 471,5 – 474,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,79 – 4,95 аралығында саудаланып жатыр.