09:14, 27 Ақпан 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447– 452 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 27 ақпандағы ресми бағамы: 1 долларға — 449,96 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448–452 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 447,7 – 449,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77–4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 26 ақпан күні кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,43 теңгеге қымбаттап, 449,62 теңге болған.