09:20, 24 Маусым 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 462 - 467 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 24 маусым ресми бағамы – 1 долларға 464,72 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,40 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 – 467 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 464,5 - 467,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 21 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,05 теңгеге қымбаттап, 464,80 теңге болған.