Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 445 - 450 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: Pіxabay.com

Ұлттық банктің 5 маусым ресми бағамы — 1 долларға 448,01 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,05 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 - 450 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 448,5 - 450,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,05 теңгеге қымбаттап, 448,14 теңге болған.