Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458 — 463 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Тенге
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ұлттық банктің 21 маусымға арналған ресми бағамы — 1 долларға 459,60 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,38 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458 — 463 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 457,7 — 460, 5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,1 — 5,4 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 20 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 459,75 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар