Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 - 476 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: Рexels

Ұлттық банктің 29 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,83 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,50 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471 - 476 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 472,9 – 474,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,30 - 5,49 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 26 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 474,50 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар