Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 28 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
Фото: Мухтор Холдорбеков/ҚазАқпарат ХАА

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 482,77 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5 теңге. 26 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5,19 теңгеге қымбаттап, 482, 24 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475– 480 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 477, 5– 481 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,85 – 5,01 аралығында саудаланып жатыр.