09:32, 03 Мамыр 2024 | GMT +5
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441 – 446 теңгеден саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 3 мамырдағы ресми бағамы — 1 долларға 443,37 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,83 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 – 446 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 442,7 – 444,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71 - 4,78 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 2 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,32 теңгеге қымбаттап, 443,37 теңге болған.