Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451– 455 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: pexels.com

Ұлттық банктің 15 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 451,33теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,12 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451– 455 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 451,7 – 454,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,97 – 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 12 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,52 теңгеге төмендеп, 451,33 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар